jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада 55 жастағы отағасы әйелін пышақтап өлтірген

    пышақ
    Пышақ. Иллюстрациялық фото: Adam Gault/Getty Images

    Елордадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде болған отбасындағы жанжалдың арты ерлі-зайыптының өлімімен аяқталды. Полиция департаменті 55 жастағы отағасы әйелімен ренжісіп, кеуде тұсына пышақ салған деген ақпарат таратты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Астана қаласы полиция департаментінің дерегінше, ерлі-зайыпты арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған.

    "Ауыр жарақаттан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізілуде. Тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатында болған қайғылы оқиғадан кейін көршілері үрейленіп, далаға шығудан қорқып қалыпты. Полиция шақырған куәгер көршінің айтуынша, оқиға кеше түнде өрбіген.

    12 жастағы баланың сыртқа атып шығып шыңғырған дауысы көпшілікті елең еткізген. Кейін үйге беттеген кезде, пәтерінде қанжоса болып жатқан отбасы мүшелерін байқайды. Көрші-қолаңның айтуынша, бұл отбасы Шымкенттен жуырда көшіп келген. Бұған дейін оғаш әрекетімен көзге түспеген.

    "Кішкентай бала болған жоқ. 9-10 жасар бала болды. Қара іш киіп алған. Мен есіктегі тесіктен қараған кезде, есік ашылған кезде, үйінің іші көрінеді. Үйінде шыңғырып тұр екен, есік ашып. "Шымкенттік қазақпыз" деді. Әжесі мен атасын көріп тұрамын, менен кіші кісілер", - дейді куәгер Анар Қожабаева.

    Дереккөз: КТК телеарнасы.

    Астанада 55 жастағы отағасы әйелін пышақтап өлтірген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram