"Өзін көлік қағып кеткендей кейіп танытқан": Ақтөбеде ер адамның әрекеті полицияның назарына ілікті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбеде ер адам жүргізушілерден ақша алу үшін жол апатын қолдан ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбеде алаяқтықтың ерекше түрі әшкере болды. Полицияның мәліметінше, күдікті Жиенбаев және Ташкент көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде өзін көлік қағып кеткендей кейіп танытқан.
"Кейін жүргізушілерге жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алғанын айтып, ақша талап еткен.
Тексеру барысында оның мұндай әрекетке екі рет барғаны анықталды. Оның сөзіне сенген жүргізушілер мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Бір жағдайда – 250 мың теңге, екінші жағдайда – 200 мың теңге. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 450 мың теңге", - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ПД.
Жүргізушілердің бірі кейін болған жағдайды қайта ой елегінен өткізіп, полицияға жүгінуді жөн көрген. Тексеру барысында ақпарат расталып, ер адамның жеке басы анықталып, күдікті ретінде танылған.
Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2428409-ozin-kolik-qagyp-ketkendei-keiip-tanytqan-aqtobede-er-adamnyng-areketi-politsiianyng-nazaryna-ilikti-video/
