jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ҰҚК Bek Air-дің бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

    Bek Air әуекомпаниясының ұшағы
    Bek Air әуекомпаниясының ұшағы. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Желіде Алматыда Bek Air әуекомпаниясының бұрынғы басшысы Нұрлан Жұмасұлтановқа қатысты іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Бас көлік прокуратурасы бұған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұмасұлтановтың қамауға алынғаны туралы журналист Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында жазды. Ол қылмыстық істің 2019 жылғы әуе апатына қатысы жоғын атап өтті.

    "Осы қылмыстық іспен қатар Алматы әуежайының аумағында сақталған "Фоккер-100" ұшақтары қозғалтқыштарының жоғалуына байланысты тағы бір іс тергелді. Ұрлықтың куәгерлері де, бейнежазбасы да болмаған, алайда әуе апатынан кейін бір дерек шықты. Апатқа ұшыраған "Фоккер-100" ұшағында ұрланған қозғалтқыштардың бірі болған – бұл оның нөмірі бойынша анықталған.

    Сонда біреу консервацияда тұрған әуе кемесінен ауыр агрегатты шешіп алып, оны Bek Air-ге тиесілі лайнерге орнатқан болып тұр ғой", - делінген автордың жазбасында.

    Козачковтың мәліметінше, 9 қыркүйекте сот Bek Air-дің экс-басшысын екі айға қамауға алуға санкция берген.

    NUR.KZ тілшісіне Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі іс бойынша тергеу жүріп жатқанын растады.

    "Істі ҰҚК-нің орталық аппараты тергеп жатыр, қадағалауды Бас көлік прокуратурасы жүзеге асырады. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады ведомстводан.

    Естеріңізге сала кетейік, Bek Air әуекомпаниясының ұшағы 2019 жылғы 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тауып, 70-ке жуық адам зардап шекті.

    2025 жылғы қарашада Түрксіб аудандық сотының судьясы ұшақ апатына әуе кемесінің командирі марқұм Мұратбаев пен екінші ұшқыш марқұм Молдақұловты кінәлі деп тапты.

    ҰҚК Bek Air-дің бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram