jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте пластикалық ота жасатқан әйелдің бір көзі көрмей қалды: дәрігер сотталды

    Блефаропластика
    Блефаропластика. Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкентте пластикалық хирург заңсыз медициналық қызметпен айналысқаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми сайтының хабарлауынша, Шымкентте сот тиісті маман сертификаты мен лицензиясынсыз пластикалық хирургия саласында заңсыз қызмет көрсеткен тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарады.

    "Ол жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасағаны, нәтижесінде жәбірленуші бір көзімен көру қабілетін толық жоғалтқаны анықталды", - делінген хабарламада.

    Сот үкімімен хирург Қылмыстық кодекстің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

    Абай ауданының прокуратурасы тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ тұлғалардың медициналық қызметіне жүгіну азаматтардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

    Прокуратура медициналық көмекті тек лицензиясы бар медициналық ұйымдар мен білікті мамандардан алуға шақырады.

    Шымкентте пластикалық ота жасатқан әйелдің бір көзі көрмей қалды: дәрігер сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram