Үндістанда бес ай бұрын ұсталған танкердің ішінде қазақстандық бар: СІМ нота жолдады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мамыр айында Үндістанда тұтқындалған танкерде Қазақстан азаматы болғаны туралы ақпараттан кейін СІМ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында Үндістан Республикасының Парадип портында 23 теңізшісі бар MT UNITY кемесі ұсталғанын, олардың бірі Қазақстан Республикасының азаматы екенін растады.
Кеме кеме иесінің жергілікті отын жеткізуші алдындағы қарызына байланысты ұсталғаны белгілі болды.
"Қазақстандық дипломаттар отандасымызды елге қайтару үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр. Үндістан Сыртқы істер министрлігіне мәселені шешуге жәрдем көрсету туралы өтінішпен тиісті дипломатиялық нота жолданды.
Аталған Қазақстан азаматы да, оның отбасы мүшелері де Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне көмек сұрап өтініш білдірмеген", - деп қосты Үсенов.
Аталған жайт Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2429242-undistanda-bes-ai-buryn-ustalgan-tankerding-ishinde-qazaqstandyq-bar-sim-nota-zholdady/
