jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанадағы тұрғын үй ауласында оқ атылды: полиция мән-жайды түсіндірді

    Тапанша ұстаған ер адам
    Тапанша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    17 қыркүйекте кешке Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында оқ атылды. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астана қалалық полиция департаменті өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне полицияға тұрғын үй ауласында оқ атылғаны туралы хабарлама түскенін жеткізді.

    Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары жедел жеткен.

    Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй ауласында мас күйде және өзін агрессивті ұстаған бір топ жас жүрген.

    Үй тұрғындарының бірі заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін газ тапаншасынан ауаға ескерту ретінде оқ атқан.

    Оқиғаға қатысы барлардың барлығы сол жерде ұсталып, полицияға жеткізілді.

    Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

    Тұрғындар жарақат алды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

    Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

    Астанадағы тұрғын үй ауласында оқ атылды: полиция мән-жайды түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram