jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте блефаропластика жасатқан әйел бір көзінен айырылды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Фото: freepik.com

    Шымкентте тиісті лицензиясы мен маман сертификаты жоқ азаматқа пластикалық операция жасағаны үшін сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Прокуратураның мәліметінше, ер адам заң талаптарын бұзып, әйелге блефаропластика жасаған. Операциядан кейін пациенттің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.

    Сот оны Қылмыстық кодекстің 322-бабы  2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ үш жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды.

    Прокуратура пластикалық операция жасатпас бұрын маманның біліктілігі мен медициналық лицензиясын тексеруге шақырды.

    "Тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ адамдарға жүгіну өмір мен денсаулыққа ауыр зардап әкелуі мүмкін", -деп ескертті ведомство.

    Шымкентте блефаропластика жасатқан әйел бір көзінен айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram