jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Зайсанда жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

    Пойыз вагоны мен жасөспірім
    Пойыз вагоны мен жасөспірім. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Зайсан ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім әйел адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.         

    Зайсан аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.

    "Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Полиция әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Қаза тапқан әйелдің мұғалім болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

    "Тексеру барысында оқиғаның "Синий кит" деп аталатын ойынмен байланысы анықталған жоқ", – деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

    Зайсанда жасөспірім әйелді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram