jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Павлодарда жоғалып кеткен бала өзге адамның көлігінен табылды

    Автономды көлік
    Автономды көлік. Көрнекі сурет: Ben STANSALL / AFP via Getty Images

    Павлодарда бала аулаға ойнауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Полиция оны үш сағаттан кейін басқа бір көліктің ішінен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Оқиға туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады. Кезекші бөлімге баланың жоғалғаны туралы оның анасы телефон шалып, болған жайтты айтқан. 

    Әйелдің айтуынша, оның жеті жасар ұлы аулаға ойнауға шығып, үйіне қайтып оралмаған. Алаңдаған ана полицияға жүгінгеннен кейін, баланы іздеуге кезекші және жедел-тергеу топтарының қызметкерлері дереу жұмылдырылды.

    Полиция іздеу жұмыстарын бастаған. Нәтижесінде үш сағаттан кейін бала табылды.

    Белгілі болғандай, бала сол уақытта өзге біреудің тұраққа қойған көлігінде ұйықтап жатқан. Көлік есігі ашық болған. Ал бала есігі ашық қалған көлікке өзі кіріп кеткен.

    "Іздеу шараларына Солтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілі Рустам Сатвалдин мен кезекші көмекшісі Айдар Ержанов тікелей қатысты. Үш сағаттан кейін бала аман-есен табылды. Белгілі болғандай, ойын кезінде бала аулада тұрған ашық көлікке кіріп, шаршағаннан кейін ұйықтап қалған", - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі редакцияның сауалына берген жауабында.

    Баланың анасы Солтүстік полиция бөлімінің басшылығы мен барлық жеке құрамына жеделдігі, үйлесімді жұмысы және жағдайға мұқият қарағаны үшін шынайы алғысын білдірді.

    "Солтүстік полиция бөлімінің басшылығы мен барлық жеке құрамына ұлымды тез арада табуға көмектескендері үшін алғыс айтамын. Сіздердің жедел жұмыстарыңыздың арқасында балам қысқа мерзімде табылды. Барлық полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық және қызметтеріңізге табыс тілеймін!", - деді баланың анасы.

    Полиция ата-аналарды балаларын мұқият бақылап, оларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге шақырады. Тіпті қарапайым ойын кезінде де баланың қайда жүргенін біліп, оны қараусыз қалдырмау маңызды.

    Павлодарда жоғалып кеткен бала өзге адамның көлігінен табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram