"Бет-аузы қан жоса": Шымкентте әйелін соққыға жықты деген күдікпен ер адам ұсталды (видео)
Жарияланған күні:

Шымкент қаласы полиция департаменті әйелін ұрды деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Egov.Press Telegram-арнасы беті-аузы қан жоса болған әйелдің видеосын жариялады.
"Шымкентте ер адам жас әйелі балаларының көзінше ұрып-соққан. Оған қоса оның атынан несие алып, өзін өлтіремін деп қорқытқан. Бұл туралы зардап шеккен келіншектің туысы хабарлады", - деп жазды паблик.
Аталған жарияланымға Шымкент қалалық ПД жауап берді.
"Шымкент қаласының полиция қызметкерлері әйел адамға дене жарақатын салды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында орын алғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.
Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2429313-bet-auzy-qan-zhosa-shymkentte-aielin-soqqyga-zhyqty-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy-video/
