Жетісу облысында жүк көліктері автоматты салмақ бақылауын айналып өтіп жүрген
Жарияланған күні:

Жетісу облысында жүк көліктері автоматты салмақ бақылауын айналып өтіп келгені анықталды. Тасымалдаушылар Сарыөзек – Көктал тасжолындағы бақылау бекетін айналып өту үшін өндірістік қажеттіліктерге арналған техникалық жолды пайдаланған, деп хабарлайды Astana TV.
Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен "ҚазАвтоЖол" жолдарды жауып, қазір жүк көліктері салмақ бақылауынан автоматтандырылған станция арқылы өтеді.
Бақылауды күшеуту үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.
"Көлік прокурорлары тұрақты негізде жүк көлігінің заң бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Биыл көліктік бақылау инспекциясымен салмақ параметрлерін сақтамағаны үшін 22 мың тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оларға 6 млрд теңге айыппұл салынды", - дейді Бас көлік прокурорының орынбасары Ақан Искаков.
Сондай-ақ, оның айтуынша, автокөліктің артық салмақпен шығуына мүмкіндік беретін кәсіпорындар да назарда. Аталған кезеңде 363 субъект жауапкершілікке тартылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2429451-zhetisu-oblysynda-zhuk-kolikteri-avtomatty-salmaq-baqylauyn-ainalyp-otip-zhurgen/
