jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тауар іс жүзінде болмаған: Қарағанды тұрғыны виртуалды дүкен ісі бойынша сотталды

    тергеу
    Тергеу амалдары. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Қарағанды облысында СVK қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспаcөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қарағанды облысында CVK қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы С. Қайырбаев мүлкі тәркілене отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

    Жобаға қатысушыларға құны 120-дан 49 мың АҚШ долларына дейінгі виртуалды дүкендерді сатып алу үшін USDT криптовалютасымен ақша салу ұсынылған. Есесіне оларға күн сайын табыс түсетіні және жаңа салымшыларды тартқаны үшін қосымша бонустар берілетіні уәде етілген.

    Алайда виртуалды дүкендерде орналастырылған тауарлар іс жүзінде болмаған, ал табыс табу жаңа қатысушыларды тартуға және олардың ақша салуына тәуелді болған.

    Салымшылардың қаражаты USDT криптовалютасымен OKX платформасы арқылы электронды әмияндарға аударылған.

    Жедел іс-шаралар нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтер бұғатталды, бұл 212 млн теңгеге тең.

    Сот үкімімен аталған цифрлық активтер мемлекет кірісіне тәркіленді.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Тауар іс жүзінде болмаған: Қарағанды тұрғыны виртуалды дүкен ісі бойынша сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram