ШҚО-да көлік терезесінен жартылай шыққан кортеж жолаушылары мен жүргізушілер жазаланды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шығыс Қазақстан облысында полиция желіден бірнеше автокөліктің жол ережесін өрескел бұзған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады. Жолаушылар да, жүргізушілер де жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Telegram-дағы "ІІМ жаңалықтары" арнасының мәліметінше, желіде тараған кадрлардан жолаушылар жүріп бара жатқан көлік терезесінен шығып, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзғаны байқалады.
Полиция қызметкерлері азаматтардың кім екенін анықтап, тиісті шаралар қабылдады.
"Жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау, оның ішінде оларды көлік салонынан тыс тасымалдау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар жолаушылар да жүріп бара жатқан көліктен денесін шығарғаны үшін жауапқа тартылды", - деп атап өтті ведомстводағылар.
ІІМ мұндай әрекеттер жолаушылардың өзі мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2429490-shqo-da-kolik-terezesinen-zhartylai-shyqqan-kortezh-zholaushylary-men-zhurgizushiler-zhazalandy-video/
