Орындық астынан тапанша табылды: Алматыда бес ер адам ұсталды (видео)
Жарияланған күні:

Жол бойындағы қалыпты тексеру күтпеген жағдайға ұласты. Қабанбай батыр және Әуезов көшелерінің қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері ішінде бес ер адам отырған "Toyota Camry" автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды қалалық ПД.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті тексеру кезінде орындықтың астынан тапаншаға ұқсас зат табылды. Аталған зат тәркіленді.
Полицейлердің кейінгі тексеруі күдіктілердің бұған дейінгі әрекеттерін анықтауға мүмкіндік берді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жастардың бірі дүкендердің маңында өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қаруға ұқсас зат көрсеткен.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - делінген полиция хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2429883-oryndyq-astynan-tapansha-tabyldy-almatyda-bes-er-adam-ustaldy-video/
