jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Талдықорғанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Кадр: instagram.com/taldykorganec.insta_

    Талдықорғандағы 8-шағын ауданда бір топ ер адамның түнгі төбелесі видеоға түсіп қалды. Оқиғаға қатысты Жетісу облысының Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

    Кадрлардан кемінде 12 адамн жүргенін байқауға болады. Олар өзара жанжалдасып, жүгіріп, төбелесіп жатыр.

    Жетісу облысының Полиция департаменті факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

    "Оқиғаның барлық мән-жайын және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

    Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

    Ескертпе! Видеода балағат сөздер бар!

    Талдықорғанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram