jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қостанайда кафе жанындағы төбелес видеоға түсіп қалды

    Қостанайдағы төбелес
    Қостанайдағы төбелес. Видеодан кадр: instagram.com/ilovekostanay

    Қостанайда куәгерлер қала орталығындағы кафелердің бірінің жанындағы төбелесті видеоға түсіріп алған. Полиция төбелеске қатысушылардың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қостанайдағы кафе жанында болған төбелестің видеосы Instagram-дағы ilovekostanay паблигінде жарияланды.

    Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаладағы жазғы кафеде болған оқиға туралы азаматтардан түскен хабарлама бойынша оқиға орнына полиция жасағы жіберілген.

    "Жанжалға қатысқан екі адам полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

    Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және айналадағылардың тыныштығын бұзатын жанжалды жағдайларға жол бермеуге шақырамыз", - деп мәлімдеді ПД.

    Қостанайда кафе жанындағы төбелес видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram