ҚМА 300 млн теңгені жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
ҚМА-ның Қарағанды облысы бойынша департаменті "Кең Дала 2" бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген несие қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, 2025 жылғы мамырда "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалы мен "Рашан" ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз беру туралы шарт жасалған.
Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ кепілдік берген.
Шарт талаптарына сәйкес, "Рашан" ЖШС-нің шотына 300 млн теңге қарыз қаражаты аударылған.
"Кейін бұл қаражат егіс науқанына жұмсалатын шығындарды төлеу деген желеумен екі ЖШС-ге бөлініп аударылған. Атап айтқанда, 148 млн теңгеге жуық қаражат тұқым сатып алуға, тағы 152 млн теңге ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, соның ішінде жанар-жағармай мен еңбекақы шығындарына аударылған.
Алайда іс жүзінде тұқым сатып алынбағаны, техника жалға алынбағаны және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені анықталды", - делінген хабарламада.
"Рашан" ЖШС директоры күдікті деп танылған. Соттың санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынған. Тергеу жалғасып жатыр.
Агенттік ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2430444-qma-300-mln-tenggeni-zhymqyru-deregi-boiynsha-tergeu-zhurgizip-zhatyr/
