Маңғыстауда арнайы жасақ демалыс орындарының біріне жақын маңда ұстау операциясын жүргізді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдау дерегінің жолы кесілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйекте Маңғыстау облысы полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен "Арлан" арнайы жасағының жауынгерлерімен бірлесіп, бекіре тұқымдас балықтың заңсыз айналымы фактісін анықтады.
Демалыс орындарының біріне жақын маңдағы тас жолда Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, жалпы салмағы 44,5 келі 10 дана бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген балықтар сот сараптамасына жіберілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2430628-manggystauda-arnaiy-zhasaq-demalys-oryndarynyng-birine-zhaqyn-mangda-ustau-operatsiiasyn-zhurgizdi-video/
