jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Премьер Бектенов жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіндерге жазаны қатаңдатуды ұсынды

    Жаяу жүргіншілер өткелі
    Жаяу жүргіншілер өткелі. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге қатысты жазаны қатаңдату қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жаяу жүргіншілерге қатысты оқиғаларға жеке тоқталғым келеді. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өздері кінәлі болып жатады. Сондықтан жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін адамдарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату қажет. Сондай-ақ реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде жүргізушілер кінәлі болатын деректер де аз емес.

    Әкімдіктерге осындай учаскелерде бейнетіркеу жүйелерін орнату ауқымын кеңейтуді тапсырамын. Әсіресе білім беру ұйымдарының маңында кері санау таблосы бар заманауи бағдаршамдар орнатуды қамтамасыз ету қажет. Ішкі істер министрлігі көшелердің қауіпсіз дизайны элементтерін енгізу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеуі тиіс", - деді Олжас Бектенов.

    Премьер-министр көлік басқаруды жаңадан бастаған жүргізушілер санатына ерекше назар аудару қажеттігін де айтты. Көбіне олар жол жағдайын және өз мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау, сондай-ақ жол ережелерін сақтамау салдарынан апатқа ұшырап жатады.

    "Ішкі істер министрлігіне көлік жүргізушілерін даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу ұйымдарырың қызметін реттеу және үйлестіру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Бұзушылықтар анықталған жағдайда міндетін адал атқармаған автомектептерді жалпы тізілімнен шығару қажет", - Олжас Бектенов.

    Премьер Бектенов жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіндерге жазаны қатаңдатуды ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram