Қызылорда облысында мысықты қинаған ер адам жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қызылорда облысында тікелей эфир кезінде мысықтың құлағынан тістеп қинаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Қызылорда облысында жануарға қатыгездік танытқан азамат жауапқа тартылған.
"21 қыркүйекте TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның мысықты қинап, қатыгездік танытқаны туралы бейнежазба тарады.
Полиция қызметкерлері жедел түрде бейнежазба бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді", - делінген хабарламада.
Ол 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шыққан. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалған.
Бұдан бөлек, ер адамға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасалған.
"Жануарға қатыгездік таныту қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екендігі түсіндірілді. Үй жануары тірі, зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.
Полиция жануарларға қатыгездік көрсетуге жол берілмейтінін ескертеді. Жануарға күш қолдану, оны қинау немесе зиян келтіру заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2431451-qyzylorda-oblysynda-mysyqty-qinagan-er-adam-zhauapqa-tartyldy/
