jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда көлік бір күнде екі рет айыппұл тұрағына қойылды

    Көлік
    Автотұрақ. Көрнекі фото: Рixabay.com

    Алматы полициясы өкілдері бір күнде екі рет айыппұл тұрағына түскен көлікке қатысты оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлік төленбеген көптеген айыппұл үшін арнайы тұраққа қойылған.

    "Бірнеше сағаттан кейін көлік иесі құжаттарын аламын деген сылтауымен сол жерге келген. Алайда, ол құжат алудың орнына көлікке отырып, тұрақ аумағынан өз бетінше шығып кеткен. Полиция көлікті іздестіруге кірісті.

    Көлік Райымбек даңғылы мен Құдерин көшесінің маңында табылып, тоқтатылды. Одан кейін көлік қайтадан арнайы айыппұл тұрағына эвакуацияланды", - деп түсіндірді полициядағылар.

    Осыдан кейін жүргізушіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар өз бетінше шығып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

    Алматыда көлік бір күнде екі рет айыппұл тұрағына қойылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram