Шымкент әуежайында мас жолаушы ұшақта айтуға болмайтын сөзді айтып, қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
В Шымкенте арестовали пьяного пассажира, который сообщил о взрывном устройстве в его багаже. Его сняли с рейса и отправили под арест на 5 суток, передает NUR.KZ со ссылкой на Polisia.kz . Шымкентте багажында жарылғыш зат бар деп хабарлаған мас жолаушы қамалды. Ол рейстен түсіріліп, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ медиапорталының мәліметінше, оқиға Шымкент әуежайында болған. Шымкент - Астана бағытындағы рейске тіркелу кезінде мас күйдегі ер адам багажында "жарылғыш зат" бар деп мәлімдеген.
Әуекомпания өкілдері жолаушыны дереу рейстен түсіріп, көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды.
Көлік полицейлері тексеру жүргізген кезде ақпарат расталмады – ешқандай жарылғыш зат табылмады. Әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
"Әуежайлар мен көлік нысандарындағы жарылғыш заттар және басқа да қауіпсіздік қатерлері туралы қалжыңдауға болмайды. Тіпті адамның зиян келтіру ниеті болмаса және мұндай мәлімдемені "қалжың ретінде" айтса да, мұндай сөздер заңда белгіленген тәртіппен қарастырылады және жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2432224-shymkent-auezhaiynda-mas-zholaushy-ushaqta-aituga-bolmaityn-sozdi-aityp-qamauga-alyndy/
