jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада ер адам қызғаныштан бұрынғы әйелін жұмыс орнында өртеп жіберемін деп қорқытқан

    қолы кісендеулі адам
    Қолы кісендеулі адам. Көрнекі фото: Boris Roessler/picture alliance via Getty Images

    Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің жұмыс орнына барып, оның үстіне жанғыш сұйықтық құйғаны үшін 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство дерегінше, ер адам бұрын бірге тұрған әйелге құқыққа қайшы әрекет жасаған. Ол қызғаныштан әйелдің жұмыс орнына жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкемен келген.

    Әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында ол жәбірленушіні өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кейін оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өміріне нақты қауіп төндірген

    Сот ер адамға 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындап, оның мінез-құлқына бірқатар ерекше талап белгіленді. Атап айтқанда, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Прокуратура азаматтарды қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда өз құқықтарын қорғау және ауыр зардаптардың алдын алу үшін дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.

    Сонымен қатар азаматтардың өміріне, денсаулығына және қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған кез келген әрекет, оның ішінде қорқыту мен қудалау заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

    Астанада ер адам қызғаныштан бұрынғы әйелін жұмыс орнында өртеп жіберемін деп қорқытқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram