jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Көлігін тұраққа қойып жатқан": Астанада әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

    күдікті ұсталды
    Күдікті ұсталды. Фото: instagram.com/police__astana

    Сейсенбіде Астана тұрғынына шабуыл жасалды. Ол пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Жантүршігерлік жағдай туралы Telegram-дағы Shyndyk.kz арнасында жарияланды. Оған сүйенсек, Астанадағы аулалардың бірінде жас әйелге пышақпен шабуыл жасалған.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, әйел аулада көлігін қойып жатқан кезде, ер адам пышақпен шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Көршілерінің сөзіне қарағанда, шабуыл жасаған адам марқұмның танысы болуы мүмкін. Болжам бойынша, бұл оның бұрынғы күйеуі болуы ықтимал. Әйелдің артында екі баласы қалды", - делінген жазбада.

    Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, 22 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында полицияға әйел адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

    "Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Ер адам әйелге пышақ жарақатын салғаны анықталды", - деді ведомство өкілдері.

    Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмған. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

    Сондай-ақ ПД өкілдері күдіктінің құқық қорғау органының қызметкері екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

    "Күдіктінің полиция қызметкері екені туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының арнайы бақылауында. Кінәлі тұлға заң бойынша жауапқа тартылады", - деді ведомстводағылар.

    "Көлігін тұраққа қойып жатқан": Астанада әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram