jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты іс бойынша ұсталғандар саны артуы мүмкін

    кісен ұстап тұрған полицей
    Кісен. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстан Ішкі істер министрлігі Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты іс бойынша ақпаратты толықтырды. Ұсталғандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Іске қатысы бар басқа да тұлғалардың шеңберін анықтап, оларды ұстау мақсатында тергеу жалғасуда", - делінген Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталғаны хабарланған еді.

    Олар қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен қамауға алынды.

    Ұсталғандардың қатарында – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және "Қайсар" катерінің командирлері бар.

    Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты іс бойынша ұсталғандар саны артуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram