jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ұйықтап жатқан жерінен қолға түсті": Семейде кісі қолынан ажал құшқан 19 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты сот басталды

    пышақ ұстаған адам
    Пышақ ұстаған адам. Иллюстрациялық фото: Paul Bradbury/Getty Images

    Семейде бұрынғы жігітінің қолынан ажал құшқан бойжеткеннің өліміне қатысты сот басталды. Марқұмның ата-анасы тергеуге наразы. Әділдік талап еткен отбасы бармаған жеріміз, қақпаған есігіміз қалмады деп қапалы, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Қанды оқиға 13 шілде күні Бородулиха ауылында болған. Іс сотқа жеткенімен, бойжеткеннің әкесі тергеуге көңілі толмай отыр.

    "Бұл жерде тергеу дұрыс болған жоқ. Біз қанағаттанған жоқпыз. Басын жарған зат табылған жоқ. Оны ана пышақтың сабы деп айтты. Бірақ сарапшының жауабында ол жалпақ зат, яғни пышақтың сабы емес. Пышақтың сабы қайдан жалпақ болады? Соған қарамай тергеуші істі жапты. Осындай айыптаушы актімен келіспейміз", - дейді марқұмның әкесі.

    Телеарна дерегінше, жалғыз перзентінен айырылған отбасы құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған. Сонымен қатар олар істі ауыр баппен саралауды талап еткен. Себебі 20 жастағы қаршадай қыздың денесіне көп рет пышақ сұғылғаны және бірнеше жерден тілінгені анықталған.

    "Біз 99-баптың екінші бөлігін сұрадық. Адамды аяусыз суық қарумен ажал құштырды. Ми жарақатын алды. Ал өзі денесін жолдың үстіне лақтырып, кетіп қалған. Құзырлы органдар оны жылы төсекте ұйықтап жатқан жерінен қолға түсірді. Бұл асқан қатыгездікпен жасалған қылмыс деп санаймыз", - дейді марқұмның анасы.

    Алғашқы сот отырысында айыптау актісі оқылды. Онда жастар арасындағы кикілжіңде қыз бен жігіт бір-бірін шапалақпен тартып жібергені айтылды. Ал қыздың денесіне жалпы жиыны 16 мәрте пышақ салынған. 

    Күдікті ҚР ҚК адам өлтіру бабымен айыпталып отыр. 20 жастағы азамат — марқұмның бұрынғы жігіті.

    Бородулиха ауылындағы мектептердің бірінде екеуі қатарлас сыныпта оқыған. Ал ата-ана соттың ашық өтуін сұрайды. Себебі, БАҚ өкілдеріне тек үкімге ғана қатысуға рұқсат берілген.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    "Ұйықтап жатқан жерінен қолға түсті": Семейде кісі қолынан ажал құшқан 19 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты сот басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram