jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Абай облысында мал ұрлығымен айналысқан 11 адам сотталды

    қой
    Қой. Көрнекі фото: pexels.com

    Абай облысында мал ұрлығы бойынша айып тағылған 11 адам сот алдына келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Бесқарағай ауданының прокуратурасы мал ұрлығына қарсы іс-қимыл және осындай қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

    "Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде аудандағы шаруа қожалықтарының бірінен ұсақ малды бірнеше рет ұрлауға қатысы бар адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды.

    Бірқатар ұрлық жасауға 11 адамның қатысы бар екені анықталды. Жалпы олар 36 бас ұсақ мал ұрлаған, сондай-ақ тағы 14 бас малды ұрлауға әрекет жасаған", - деді Бас прокуратура өкілі.

    Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.

    Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың тағылған қылмыстарды жасаудағы кінәсін растайтын дәлелдемелерді ұсынған.

    Сот үкімімен барлық 11 сотталушы кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

    Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Абай облысында мал ұрлығымен айналысқан 11 адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram