jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    22 рет пышақтаған: Павлодарда кәсіпкерді өлтірген адам сотталды

    сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Павлодарда кәсіпкерді пышақтап өлтірген қылмыскер сотталды. Сот оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Естеріңізге салайық, қанды қылмыс өткен жылдың ақпан айында болған. 52 жастағы кәсіпкер жұмысқа кетіп содан оралмаған.  Арада 3 күн өткен соң, мәйіті тұрғын үй ауласындағы гараждан табылды. Қаскөй кәсіпкерді асқан қатыгездікпен өлтірген. Оған оған 22 рет пышақ жарақатын салыпты.

    "ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы, 2 бөлімі, 5 тармағы  бойынша сотталушы азамат кінәлі деп танылды. Сот оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

    Моралдық шығын ретінде әйеліне 8 млн, әпкесі мен бауырына 1 млн-нан және авдокат жалдау ақысы мен жерлеу рәсіміне кеткен шығынды өтеп беруге міндеттелді", - деп пікір білдірді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

    22 рет пышақтаған: Павлодарда кәсіпкерді өлтірген адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram