jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ысталған балықтан уланған: Маңғыстауда бір отбасының мүшелері әлі жансақтау бөлімінде жатыр

    Ысталған балық
    Ысталған балық. Фото: pixabay.com

    Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында балықтан уланған төрт адам жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Олардың үшеуі — ересек адам, біреуі — 9 жастағы бала, деп хабарлайды kazinform.

    Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір үш ер адам мен 10 жастағы бала дәрігерлердің бақылауында. Барлығы жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

    Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте сағат 20:00–21:00 аралығында Мұнайлы ауданында бір отбасының төрт туысы отбасылық жиында балық жеген. Келесі күні кешке олардан ботулизмге тән алғашқы белгілер байқалған.

    19 қыркүйекте олар Мұнайлы аудандық ауруханасына медициналық көмекке жүгініп, кейін облыстық ауруханаға ауыстырылған.

    Ал медициналық көмекке кейінірек жүгінген 5 жастағы бала емін аяқтап, үйіне шығарылды.

    Ысталған балықтан уланған: Маңғыстауда бір отбасының мүшелері әлі жансақтау бөлімінде жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram