jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "60 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған": ҚМА мал шаруашылығында ақша жымқыру фактісін анықтады

    күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    Қызылорда облысы бойынша ҚМА департаменті мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА-ға сілтеме жасап.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-ағы арнасында хабарланғандай, 2021 жылы "Байқоңыр" ӘКК" АҚ-ның қатысуымен "Сыздық Ата" ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған.

    Жобаның жалпы құны 311 млн теңге болған. Жоба ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға және Жаңақорған ауданы тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жоба аясында корпорация серіктестіктің жарғылық капиталына 151,5 млн теңге салған. Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара мал және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бағытталған.

    "Тергеу деректеріне сәйкес, мал сатып алынғаннан кейін мекеме басшысы қаражаттың бір бөлігін шығару схемасын ұйымдастырған. Нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы "Нұрай" және "Абылайхан" ЖК шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған", - дейді ҚМА өкілдері.

    Күдікті қамауға алынды.

    Сот санкциясымен оған тиесілі екі автокөлікке тыйым салынды.

    Қылмыстық іс сотқа жолданды.

    "60 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған": ҚМА мал шаруашылығында ақша жымқыру фактісін анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram