jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Экс-депутат Азат Перуашевқа жасалған кибершабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

    бұрынғы депутат Азат Перуашев
    Азат Перуашев. Фото: Қазақстан машина жасаушылар одағы

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте мәжілістің экс-депутаты Азат Перуашевқа жасалған кибершабуылға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Санжар Әділов кибершабуыл туралы хабарламадан кейін полиция экс-депутат Азат Перуашевпен байланыста екенін мәлімдеді.

    "28 қыркүйекте аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Қазір киберқылмысқа қарсы күрес бойынша тиісті бөлімшелер фигуранттарды, клон-сайттардың иелерін анықтау бағытында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар біз бірнеше арнайы сот және сот-технологиялық сараптамалар тағайындадық. Тергеу барысы бақылауда", - деп толықтырды ол.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Ақ жол" партиясы мен оның бұрынғы төрағасы Азат Перуашев бірқатар "арандатушылыққа" байланысты құқық қорғау органдарына жүгінген болатын.

    Экс-депутат Азат Перуашевқа жасалған кибершабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram