jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды: 124,8 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

    Рулетка
    Рулетка. Иллюстрациялық фото:: pixabay.com

    Астана прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін тоқтатты. Сот үкімдері шыққаннан кейін қылмыстық кірісті өндіріп алу туралы азаматтық талап қою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, сот шешімімен екі қылмыстық іс бойынша прокурордың талап арыздары толық қанағаттандырылған.

    Нәтижесінде Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде құмар ойындарын ұйымдастырған екі тұлғадан заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынған.

    Елорда прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық екенін еске салады.

    Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері (соның ішінде Instagram және TikTok) мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғады.

    Астанада заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды: 124,8 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram