jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БҚО тұрғыны жұбайының желідегі фотосына лайк басқан адамды пышақпен жарақаттаған

    Пышақ
    Пышақ. Көрнекі сурет: Рixabay.com

    Батыс Қазақстан облысында ер адам әйелінің Instagram-дағы фотосына лайк басқан адамды пышақпен жарақаттағаны үшін шартты жазаға тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жәнібек аудандық сотында Қылмыстық кодексnің 106-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

    "2026 жылғы 10 мамырда сағат 02:00 шамасында сотталушы жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында заңды жұбайының Instagram-дағы парақшасында жарияланған фотосуреттерге лайк белгісін қойған жәбірленушіге қатысты жанжал шығарған.

    Осыдан кейін сотталушы оң қолымен қалтасынан алдын ала дайындап қойған қоңыр түсті, ағаш сабы бар жиналмалы пышақты алып, жәбірленушінің қуық тұсына екі рет және жауырын тұсына бір рет пышақ сұққан. Оқиға орнынан кейін бой тасалаған", - делінген сот хабарламасында.

    Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келген. Атап айтқанда, ішкі ағзалардың зақымдануымен іштің алдыңғы қабырғасының кіндік тұсында іш қуысына еніп кеткен пышақ жарақаты анықталған.

    ️Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұраған. Сондай-ақ мұндай әрекетті бұдан былай қайталамайтынын айтып, бас бостандығынан айырмауды сұраған.

    Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Сот сотталушыны ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    ️Сонымен қатар, ҚК-нің 63-бабына сәйкес, тағайындалған жаза шартты түрде деп есептеліп, сотталған адамға 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

    Оған бірқатар міндеттер жүктелді: пробация қызметін хабардар етпей тұрақты тұрғылықты жерін және жұмыс орнын өзгертпеу; алкогольдік ішімдіктер сатылатын қоғамдық орындарға (кафелерге, барларға, мейрамханаларға) бармау; пробация қызметін хабардар етпей тұрақты тұрғылықты жерінен басқа елді мекендерге шықпау; түнгі уақытта, яғни сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін үйінде болу; қасақана құқық бұзушылықтар жасамау.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.

    БҚО тұрғыны жұбайының желідегі фотосына лайк басқан адамды пышақпен жарақаттаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram