jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жанабыловтар отбасындағы жанжал: ерлі-зайыпты татуласып, іс тоқтатылды

    Ерболат пен Самал Жанабыловтар
    Фото: Instagram/zhanabylov_e

    Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталының хабарлауынша, Блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды, себебі ол жұбайы Эльмира Төлегеновамен татуласқан. Бұл туралы "Астана соттарына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, бүгін, 1 қазанда Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында Ж.-ға қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасау дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі) әкімшілік іс жабық сот отырысында қаралған.

    Сонымен бірге оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмағанын, 30 қыркүйекте Ж. үйде жанжал шығарып, жұбайының қолынан ұстап, осылайша оның тыныштығын бұзғаны айтылды. Ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, оның әрекеттері ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен, яғни отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасау ретінде сараланды.

    Сот отырысында Ж. хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, құқық бұзушылық жасағанын, баяндалған әрекеттердің барлығын мойындаған. Сондай-ақ жұбайымен татуласқанын жеткізген.

    "Жәбірленуші сотта жұбайы ұрып-соқпағанын, олардың арасында келіспеушілік болғанын түсіндірді. Сондай-ақ жұбайымен татуласу ниетін растап, татуласу туралы келісімге өз еркімен, шын ниетімен, қандай да бір қысымсыз қол қойғанын көрсетті. Ұсынылған дәлелдемелерді зерттей келе, сот оларды жол берілетін және қаралып отырған іске қатысты деп таныды", - делінген хабарламада.

    Тараптардың сот отырысында расталған жазбаша татуласу келісімінің негізінде сот тараптардың татуласуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдады.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Еске сала кетейік, блогер Эльмира Төлегенова желіде үндеу жариялап, Ерболат Жанабыловпен ажырасып жатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ ол жұбайымен болған жақындағы жанжалға қатысты пікір білдірді.

    Сондай-ақ 27 сәуірде блогерлерге қатысты сот үкімі шыққанын еске саламыз. Судья прокурор ұсынған жаза мерзімімен келісіп, блогерлерді заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша кінәлі деп таныды.

    Сот сонымен қатар Жанабылов пен Төлегенованың қылмыстық жолмен тапқан қаражатына сатып алынған iPhone 16 (17 дана) және Hyundai Elantra (8 дана) автокөліктерін тәркілеу туралы қаулы етті.

    Одан бөлек Ерболат Жанабылов отбасылық жанжалдан кейін жауапқа тартылғанын жазған едік.

    Жанабыловтар отбасындағы жанжал: ерлі-зайыпты татуласып, іс тоқтатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram