"Үйіне дейін барған": Алматы облысында зират басынан қайтқан жас жігіттің өліміне қатысты сот басталды
Жарияланған күні:

Алматы облысы Нұра ауылында болған 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты сот басталды. Сотта прокурор қайғылы оқиға қалай болғанын айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Прокурор Нұржан Дүйсекеев оқиғаға қатысты деректерді бөлісті.
"Адам өлтіруге бағытталған қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізу мақсатымен пышақтармен қаруланып, өзіне қарама-қарсы тұрған Сәрсенбайға қаратып, оң қолындағы пышағымен бір мәрте оң жақ бел тұсына соққы жасаған. Осыдан кейін К. сол қолындағы ашылып-жабылатын пышағымен С.- ның ішінен төменгі сол жақ тұсына екінші соққыны жасаған. Аталған соққылардан кейін С. жерге құлап, сол жерде, үйінің алдында қайтыс болған. Осыдан кейін Ж. мен Қ. екеуі осы болған жағдайды көріп, К. аса ауыр қылмыс жасағанын біле тұра, К.-ның қылмыстық жауаптан жалтаруына ықпал ету туралы қылмыс жасау пиғылы туындаған", - деді ол.
Телеарна дерегінше, іс бойынша үш жігіт айыпталып жатыр. Олардың біреуі адам өлтіру бабымен сотқа тартылған. Қалған екеуіне қылмысты біле тұра, жасырды деген айып тағылды.
Марқұмның анасы сотталушыларға кешірім бермейтінін айтып, ең ауыр жаза сұрады. Сондай-ақ 100 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Еске салайық, қайғылы оқиға бес ай бұрын Нұра ауылында болған. Сол күні Жанасыл Сәрсенбай інісімен бірге зиратқа барып, қайтқан кезде жолды бөгеген жігіттермен сөзге келген.
Кикілжіңнен кейін олар марқұмды үйіне дейін қуып барып, сол жерде пышақтаған. Жанасыл алған жарақатынан тіл тартпай кетті. Оның артында келіншегі мен екі қызы қалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2436877-uiine-deiin-bargan-almaty-oblysynda-zirat-basynan-qaitqan-zhas-zhigitting-olimine-qatysty-sot-bastaldy/
