jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ҰҚК "Семей орманы" табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізуде

    тергеу
    Тергеу амалдары. Видеодан кадр: t.me/knbgov_kz

    ҰҚК "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

    ҰҚК-нің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, қыркүйекте ведомство Бас прокуратурамен бірлесіп, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдарының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

    "Тергеу мәліметтеріне сәйкес, іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдіктелуде. Атап айтқанда, олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен", - дейді орган өкілдері.

    Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

    Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

    ҰҚК "Семей орманы" табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram