jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің проректоры ұсталды

    Қолы кісендеулі ер адам
    Қолы кісендеулі ер адам. Иллюстрациялық фото: Greg Pease/Getty Images

    Алматыда жоғары оқу орындарының бірінің проректоры сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды. Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне қалалық прокуратура хабарлады.

    Прокуратура NUR.KZ-тің ресми сауалына берген жауабында ҚР Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы К. және басқа да тұлғаларға қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

    "Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен аталған қылмыстық іс бойынша фигуранттарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп мәлім етті қадағалаушы орган.

    Істің басқа мән-жайлары жария етілмейді.

    Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің проректоры ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram