jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жамбыл облысында пойыз 70 қойды қағып кетті

    пойыз
    Жолаушылар пойызы. Иллюстрациялық фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

    Жамбыл облысында теміржол бойына бір отар қой шығып кеткен. Жүк пойызы 70 малды қағып, олардың иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жамбыл облысындағы "Жұма-Тамды" теміржол өткелінде жүк пойызы бір отар қойды қағып кетті. Бас-аяғы 70 мал өлген.

    "Аталған факті бойынша мал иесіне, яғни Тараз қаласының 66 жастағы тұрғынына теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуі бойынша 1 166 факт тіркелген, оның 881-і теміржолға үй жануарларының шығып кетуімен байланысты.

    "Көлік полицейлері мал иелерін теміржол маңында малды қараусыз жаюға жол бермеуге және белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

    Естеріңізде болсын: жануарлардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ең алдымен олардың иесіне жүктеледі. Малдың теміржолға қараусыз шығуы апатты жағдайға, материалдық шығынға әкеліп соғуы және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

    Жамбыл облысында пойыз 70 қойды қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram