"Ұлы анасын байлап тастаған": желіде тараған видеоға қатысты полиция пікір білдірді
Жарияланған күні:

Әлеуметтік желілерде ер адам көшеде қолы байлаулы, жалаңаяқ жүрген әйелге көмектесіп, содан кейін полиция қызметкерлерін шақырған видео жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кадрларға қарағанда, ер адам қолы байланған әйелді көріп, оған қолын босатуға көмектескен. Әйелдің қолы бинтпен қатты байланған күйде болған. Ол үйінен жалаңаяқ қашып шыққан.
Видео авторының айтуынша, ер адам өз анасын "отбасылық өміріме араласасың" деп ұрып-соғып, қолын байлап тастаған.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бұл оқиғаны анықтау үшін әйелді бөлімшеге алып кетті. Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын бастады.
"Әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ол полицияда және түсініктеме беріп жатыр. Сонымен қатар, көрсетілген жағдай бойынша бұған дейін ешқандай өтініш түспеген", - деп жауап жолдады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2437645-uly-anasyn-bailap-tastagan-zhelide-taragan-videoga-qatysty-politsiia-pikir-bildirdi/
