jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ШҚО-да педагогтер балаларға 19 сағаттың орнына 8 сағат қана сабақ беріп, толық жалақы алған

    ұстаз
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Шығыс Қазақстан облысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Үлкен Нарын ауданы прокуратурасы тексеріс барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру кезінде заңбұзушылықтарды анықтады.

    "Балаларды көзделген 19 сағаттың орнына аптасына 8 сағат қана оқытқаны белгілі болды. Жеке оқу жоспарларында міндетті пәндер болмаған, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары сақталмаған, сабақ жүргізуге тиісті арнайы дайындығы жоқ педагогтер тартылған", - дейді прокурорлар.

    Бұдан бөлек педагогтерге іс жүзінде өткізілмеген сабақтар үшін еңбекақы заңсыз есептелгені анықталды.

    Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 баланың сапалы білім алуға құқықтары қалпына келтірілді. 4 мектеп директоры тәртіптік жауапқа тартылды, 8 педагог бюджетке негізсіз алған қаражатты қайтарды.

    ШҚО-да педагогтер балаларға 19 сағаттың орнына 8 сағат қана сабақ беріп, толық жалақы алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram