jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында екі баланы көлік қақты: жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Кадр: t.me/qumash_kz

    Алматы облысында жол жиегінде отырған екі кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті. Оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші табылды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Qumash Telegram-арнасында жол-көлік оқиғасының видеосы жарияланды. Онда кеше Абай ауылында Cobalt көлігінің жүргізушісі жол жиегінде отырған екі баланы қағып кеткені жазылған.

    NUR.KZ тілшісіне аталған оқиға бойынша пікір білдіріп, екі жасөспірім жарақатпен Қарасай көпбейінді ауданаралық орталық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.

    "Екі пациентке де ота жасалды, операциядан кейін олар анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде жатты. Бүгінгі таңда пациенттердің бірі әрі қарай емделу үшін хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Екіншісі жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастыруда, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр", - деп атап өтті дәрігерлер.

    Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кәмелетке толмағандарды қағып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды.

    "Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен 65 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

    Қазіргі таңда полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

    Назар аударыңыз! 18+! Видеоны психикасы тұрақсыз адамдарға және жүкті әйелдерге көру ұсынылмайды.

    Алматы облысында екі баланы көлік қақты: жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram