jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жамбыл облысында жанжалдан соң оқушы қайтыс болды

    Жасөспірімдер
    Жасөспірімдер. Фото: pixabay.com

    Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал өліммен аяқталды, деп хабарлайды өңірлік білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жамбыл облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Байзақ ауылында болған.

    "3 қазанда сағат 22:00 шамасында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, соның салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім алған жарақатынан көз жұмды", - делінген хабарламада.

    Оқиғадан кейін екінші кәмелетке толмаған баланың ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгені атап өтілді.

    "Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қажетті тергеу әрекеттері атқарылуда", - деп түйіндеді басқарма.

    Ақпаратты нақтылау үшін NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментіне сұрау салды.

    Жамбыл облысында жанжалдан соң оқушы қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram