"Дәмханада ескерту жасаған": Өскеменде полицейді өлтіріп кетті
Жарияланған күні:

Өскемен қаласында полиция қызметкерін өлтіріп кетті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 4 қазанға қараған түні Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде болған, деп хабарлайды kazinform.
"Дәмханаға келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын келтірген. Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті", — делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Қаза болған азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2438563-damhanada-eskertu-zhasagan-oskemende-politseidi-oltirip-ketti/
