jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтөбеде үш жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің қабырғасы сөгіліп тұр

    Құрал-сайман
    Жөндеу жұмыстарына арналған құрал-сайман. Көрнекі сурет: EThamPhoto/Getty Images

    Ақтөбедегі Жабасақ ауылында мәдениет үйінің қабырғалары сөгіліп, төбесі құлайын деп тұр. Мұнда  мәдениет қызметкерлері мен кітапханашылар жұмыс істейді. Ал оның бір бөлігінде балалар спортпен шұғылданады. Ғимараттың сыртқы қабырғаларында да  жарықтар пайда болған. Кей бөлмелердің есігі ашылмайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

    Ғимарат 1986 жылы салынған. 1990 жылдың жазында пайдалануға беріліпті. Арада 30 жылдан астам уақыт өткен соң, нысанға күрделі жөндеу жүргізілген. Алайда 3 жыл толмай клубтың қабырғасы қайтадан жарыла бастаған.  

    "Күрделі жөндеу жұмыстарын "Баспана Билд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген, 62 миллион 810 мың теңге қаражатқа. Тұрғындардың көрсетіп отырған төбедегі сызаты сылақтардың құлауынан орын алған.

    Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында Жабасақ ауылдық клубына техникалық сараптама жүргізіп, нысанды күрделі жөндеуге болатындығы жөнінде тиісті құжаттамалар жасақталған. Сондықтан Жабасақ ауылдық клубын апатты деп айтуға ешқандай негіз жоқ. Қазір ауылдық клуб қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр.", - дейді аудандық мәдениет үйінің директоры Азамат Сәтбекова

    Ақтөбеде үш жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің қабырғасы сөгіліп тұр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram