jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан өңірлерінің бірінде ӘМСҚ-тен ондаған миллион теңге заңсыз аударылған

    Ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қызылорда облысының прокуратурасы "Әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры" КЕАҚ облыстық филиалында қор қаражатының игерілу заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қадағалау органының ресми сайтында хабарланғандай, талдау барысында мемлекеттік медициналық ұйымдардың жеке медициналық ұйымдарға – бірлесіп орындаушыларға шартта белгіленген сомадан артық төлем жасағаны анықталған.

    "Атап айтқанда, "Жаңақорған орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК ЖШС-ке 2023 жылы 33,1 млн теңге, 2024 жылы 6,6 млн теңге, ал "Арал орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК 2023 жылы 13,8 млн теңге, 2024 жылы 18,6 млн теңге артық қаражат аударған.

    Осылайша, бірлесіп орындаушыға жалпы 73 млн теңге негізсіз төлем жасалған", - делінген хабарламада.

    Прокуратураның ұсынысы негізінде заң бұзушылықтар жойылып, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

    Сот шешімдерімен 73 млн теңге толық көлемде өндірілген.

    Қазақстан өңірлерінің бірінде ӘМСҚ-тен ондаған миллион теңге заңсыз аударылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram