jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Оңтүстік Кореядағы жаппай төбелес: СІМ қазақстандықтардың қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді

    Оңтүстік Кореядағы жаппай төбелес
    Оңтүстік Кореядағы жаппай төбелес. Видеодан скриншот: x.com/ooohzzi

    БАҚ-та Оңтүстік Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Yonhap агенттігінің мәліметінше, полиция 3 қазанда кешке Пхентхэк қаласында болған жаппай төбелеске қатысты істі тергеп жатыр. Қақтығыс қаланың тұрғын үй ауданында, балабақша мен бастауыш мектептің жанында болған. Жанжал Орталық Азия елдерінен келген топтың арасында болғаны айтылады.

    Оқиға орнында 20 жас шамасындағы екі ер адам ұсталған. Қалғандарына іздеу жарияланған. Оңтүстік Корея полициясының ақпараты бойынша, оқиға орнынан ағаш таяқтар мен бейсбол биталары табылған.

    The Korea Times басылымы бейнебақылау камераларындағы жазбаларға сүйене отырып, оқиғаға шамамен 15 адам қатысқанын нақтылады. Алайда куәгерлер төбелеске 40-қа жуық адам қатысқанын хабарлаған. Оқиға Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының арасындағы жанжалдың салдарынан болды деген болжам бар.

    Сонымен қатар оқиғаның видеосы желіде тарады.

    Бұл ақпаратқа қатысты пікір алу үшін NUR.KZ тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Пхентхэктегі жаппай төбелеске қатысушылар ретінде анықталып, ұсталғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп мәлім етті ведомстводан.

    Оңтүстік Кореядағы жаппай төбелес: СІМ қазақстандықтардың қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram