jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "5 жасар қызына қауіп төндірген": Талдықорғанда жүргізуші жазаланды (видео)

    Қыз бала
    Қыз бала. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Талдықорғанда 5 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктің люгінен шығып тұрғаны үшін әкесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, полицияның жедел басқару орталығының камералары Changan X5 Plus автокөлігінің ашық люгінен бала шығып тұрғанын тіркеген. ІІМ кәмелетке толмаған баланың көлік салонынан тыс жерде болуы оның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіргенін атап өтті.

    Белгілі болғандай, әкесі бес жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    "Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұндай бұзушылықтарға жол беруге болмайтынын түсіндірді.

    Жүргізушіге балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеу керектігі ескертілді", - деп қосты ІІМ өкілдері.

    "5 жасар қызына қауіп төндірген": Талдықорғанда жүргізуші жазаланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram