jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    TikTok-тағы пікірі үшін қазақстандық 7 тәулікке қамалды

    TikTok желісі
    TikTok желісі. Көрнекі фото: Jakub Porzycki/NurPhoto via Getty Images

    Шымкенттік азамат TikTok әлеуметтік желісінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды қалалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Шымкент соттарының Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, 2 қазанда ер адам TikTok әлеуметтік желісінде азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін пікір қалдырып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

    Іс Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) қаралған.

    "Құқық бұзушының кінәсі хаттамамен және іс бойынша жинақталған басқа құжаттармен дәлелденеді. Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады", - делінген хабарламада.

    Сот құқық бұзушының бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, кінәсін мойындағанын назарға алған.

    "Сот істің мән-жайларын, құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, Д.-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады", - делінген хабарламада.

    Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

    TikTok-тағы пікірі үшін қазақстандық 7 тәулікке қамалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram