jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ондаған айыппұл арқалаған Армения азаматы Қазақстаннан шығарылды

    Изолятор
    Изолятор. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Петропавлда тұрған Армения азаматына бірнеше ай ішінде ондаған айыппұл салынған. Сот оны Қазақстан аумағынан шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасының сайтына сілтеме жасап.

    Петропавлда уақытша тұруға рұқсаты бар 39 жастағы Армения азаматы бес ай ішінде 31 құқық бұзушылық жасаған.

    Ер адам қоғамдық орындарда бейәдеп сөз айтып, түнгі уақытта тыныштықты бұзған, сондай-ақ жол жүрісі ережелерін сақтамай, жылдамдықты асырып, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған.

    Жалпы алғанда оның айыппұлдарының сомасы 1 млн теңгеге жеткен.

    Шетел азаматы айыппұлдарды төлегенімен, сот оны Қазақстаннан шығарып, алдағы бес жылға елге кіруіне тыйым салу туралы шешім шығарды.

    "Бұл азамат жол жүрісі ережелерін бір күнде 3-4 рет бұзған жағдайлар болды. Материалдарды жинау және сотқа жолдау кезінде ол біздің заңнамамызға анық құрметсіздік танытып, агрессивті мінез-құлық көрсетті", - деді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Жібек Ерденова.

    Дереккөз: КТК

    Ондаған айыппұл арқалаған Армения азаматы Қазақстаннан шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram