jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық нөмірін Грузия нөмірімен жасырған жүргізуші әшкере болды (видео)

    жүк көлігі
    Жүк көлігі. Видеодан кадр: polisia.kz

    Қарағанды облысында қазақстандық нөмірді грузиялық нөмірмен жасырған жүк көлігінің жүргізушісі тоқтатылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының жазуынша, оқиға 7 қазанда Астана – Қарағанды автожолында тіркелген.

    Сағат 12:30 шамасында полицияға QAJ жүйесі арқылы Астана бағытынан Қарағандыға қарай келе жатқан жүк көлігі туралы ақпарат түскен. Көлікте жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері болуы мүмкін екені хабарланған.

    Ақпаратты алған патрульдік экипаждар бірден жолға шыққан. Автожолдың 111-шақырымында, Осакаровка кенті маңында полицейлер DAF жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде күдік расталған.

    "Көліктің нақты Қазақстан нөмірлерінің үстіне Грузияның мемлекеттік тіркеу нөмірлері орнатылғаны анықталды. Яғни жүргізуші көліктің шынайы тіркеу деректерін жасыруға әрекет жасаған", - деп мәлім етті ІІМ.

    Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылып, 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

    Іс Осакаров ауданының сотында қаралған. Сот шешімімен жүргізуші бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынған.

    Қазақстандық нөмірін Грузия нөмірімен жасырған жүргізуші әшкере болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram